Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты түрде қарсы алды

22:00, 28 қазан 2026

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды. 

Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар