Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогінде топ жарды

16:00, 28 қазан 2026

Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті.

Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар