Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шағын және орта бизнес – мегаполистің қуаты

17:26, 23 қазан 2022 163
Биылғы жылы да  елімізде мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар  аясында Алматы қаласының кәсіпкерлерін, оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында  үлкен қамқорлық жасалып  келеді.  Мәселен, «Қарапайым заттар экономикасы», АӨК, «Алматы бизнес 2025», «Алматы бизнес» сынды бағдарламалар бойынша кәсіпкерлікті өрістетуге  қазынадан 42,2 миллиард теңге бөлініп отыр.  Осы күнге дейін 110-нан астам жоба іске асырылып, 8,3 миллиард теңгенің несиесі  мақұлданған. Бұл үрдіс қала экономикасына қан жүгірту мақсатында 2025 жылға дейін жалғасын таба бермек.



Алматы қалалық әкімдігі  осы жылдың қаңтар айында болған тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерінің несиелерін кейінге ысырып,  ірі сауда орындарынан алатын жалға алу нүктелерін жеңілдікпен үлестіріп,  коммуналдық обьектілерде жалдау ақысын кезеңдік мерзімге алып  тастауды да  жүзеге асырды. 2019 жылы қабылданған «Almaty Business-2025»  қалалық бағдарламасының  мәтініне өзгеріс енгізіліп,   бизнесіне залал келген кәсіпкерлерге  кепілмен және кепілдікті қамтамасыз етуге  мүмкіндік болмаған жағдайда  «Алматы «ӘКК» АҚ ішінара кепілдендірумен  төменгі пайызда несие берілді.



Қай қырынан алғанда да Алматы қаласында да еліміздің өзге өңірлеріндегідей  шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға айырықша көңіл бөлініп отыр.  Біз бизнес бастауға талпынған жас кәсіпкерлерге үлкен демеу болып келе жатқан «Qoldaý»  кәсіпкерлік орталығы туралы  бұған дейін де жазғанбыз.  Алматы қаласының шағын және орта бизнес  өкілдеріне  «бір терезе»  қағидаты бойынша кеңес беретін, бағыт сілтейтін орталық талай жанның кәсіпкерлікке деген ынтасын арттырып, қанат қағуына серпіліс беріп келеді.  Биылғы жылдың өзінде 29 мыңға жуық адамға кәсіпкерліктің қыр-сыры туралы кеңес беріліп, 500-ден астам  бизнес-жоспар жобасы әзірленген. 475 миллион теңгеден астам қаржыға 17 жоба мақұлдаудан өтсе, 219 кәсіпкердің жобасына рұқсат құжаттары жиналған, одан бөлек 2589 тыңдаушы оқу курсынан тәлім алған. Қуанарлығы, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысына қарасаңыз,  шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 217  мың 822-ге жеткен.  Бұл дегеніңіз былтырғы жылмен салыстырғанда кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қатары 10,5 пайызға өскендігін көрсетеді.

«Almaty Business-2025» жобасы 2019 жылдың қыркүйегінде танысытырылп, көпшіліктің талқысына ұсынылып,  жан-жақты қаралып қабылданған  бағдарлама.   Бағдарламаны ұсынудағы негізгі мақсат  шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.  Бағдарламаны әзірлеу  бизнес жүргізуге көлеңкелі кедергілерді  жою үшін,  жүйелі жолды таңдау мақсатында,  басқа да мәселелерін оңтайлы шешу  бағытында әзірленіп, 2020 жылдан бастап толыққанды іске асырылып келеді.  Бұл жоба 2025 жылға дейін Алматы қаласында кәсіп ашып елге қызмет етемін деген жандардың бизнесін дөңгелету жолында әкімшілік кедергілерді азайтып, несиелендіру саласын нығайтып, инфрақұрылымды дамытып,  оқытуға және  инвестициялық жобаларды  кешенді түрде сүйемелдеу секілді бес бірдей бағытты қамтиды.   Міне, осы бағдарлама аясында «Qoldaý» орталығы іске қосылып,  мыңдаған адамдарға  «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлікке баулып отыр. Бұрынғыдай енді сіз кәсіп бастаймын десеңіз табаныңыздан таусылып, емен есіктердің бірнешеуін ашып, уақытыңызды сарп етпейсіз. Мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды, төмен пайызбен берілетін  несиелер жайлы ақпаратты, оны алу жолында қажетті құжаттарды бір терезеге өткізіп, шаруаңызды жүзеге асырасыз.

Міне осы «Qoldaý» кәсіпкерлікті  дамыту орталығынан  дәріс алып, бизнес-жоспарын ұсынып,  өз мақсатын өрістетіп келе жатқан алматылық жас кәсіпкерлердің бірі "Mama's Point"  деп аталатын орталық ашты. Ашқан кімдейсіз қой, бұрыннан  келе жатқан кәсіпкер емес, үйде баламен отырған жас ана. Міне, мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық, жергілікті әкімдіктің тигізер шарапаты орасан. Бұл орталықта  ата-аналар үйінен бір жаққа шығарда баласын тастайтын жер таппай қиналғанда көмек қолын созады.  Былайша атйқанда сіз  дүкен аралауға барғыңыз келді, үйіңіздегі  кішкентай перзентіңізді  жалғыз тастауға жүрегіңіз дауаламайды. Бала қараусыз қалмауы тиіс. Мұндайда қайтпек керек?  Сізге бұған бас қатырып қамығудың қажет жоқ. Осы орталыққа әкеп табыстайсыз, мамандар балаңызды қарап қана қоймайды түрлі ойындар ұйымдастырып,  ой-өресінің дамуына да серпін береді. Орталыққа балаларын ертіп келген ата-аналар өздері де денсаулығын түзеу жаттығуларын жасап, психоэмоционалды жағдайын қалпына келтіріп,  дене қалыбын да реттеуіне мүмкіндік бар. «Менің  мұндай орталық ашуыма негізгі себеп – балаларды сәби шағынан бастап уақытын тиімділікке жұмсау. Жас босанған аналар көбіне баласымен үйден шыға алмай отырады.  Баласына массаж алу керек болса, өзінің де спортты серік  етіп, дене бітімін қалыпты ұстауына  мүкіндік туа бермейді. Біздің орталықта керісінше, арнайы мамандар балаңызға массаж жасап береді, өзіңіз де алаңсыз балаңыздың қасында жаттығу өткізесіз. Мұндай идея өз басымнан өткен соң келді. Ата-анам Шығыс Қазақстан облысында, бізден шалғайда тұрады.  Үйде балаға қарайтын өзімнен басқа ешкім жоқ, сол кезде ойландым, бұл мәселе тек бір менің басымда ғана емес, мыңдаған аналардың  негізі мәселесі. Осыны оңтайлы шешетін неге бір орталық ашып ісімді жүргізбеске деп белімді бекем будым. Декреттік демалысқа шыққан соң «Qoldaý» орталығына жүгініп кеңес алдым. Өзімнің идеямды ұсынып,  кәсіпкерлікті қолдау оралығының мамандары бірден қолдап осы орталықты аштық. Менің жобама орталықтан қаржыландырудың бірнеше көздері ұсынылды, ақырында стартап жобамды «Алматы МҚҰ» (микроқаржы ұйымы) несие беріп жұмысымызды бастадық.   Біздің орталығымызда  оқытушы, күтуші, массаж жасаушы терапевт  2 иога нұсқаушы және тағы 2  топтық бағдарлама бойынша жаттығу жүргізетін маман бар.  Барлығы 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр»  дейді Лаура Байгрунова. Жас кәсіпкер ашқан орталықта балалардың ойын алаңы бар, одан сырт  ерте даму,  мектепке дайындық,  көркемдік даму, хореография бойынша  дәріс өтіп,  баулиды.  Басқадай да шаурасы бар аналар баласын орталықтағы күтуші-тәрбиешілерге тастап алаңсыз жүруіне мүмкіндік жасалған. Орталықта жуырда «ана мен бала» деп аталатын йога тобы да жұмысын бастады.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер  палатасымен бірлесіп өткізген кездесуде де қаланың экономикалық әлеуетін көтеретін негізгі күшті осы шағын және орта бизнес субъектілері  қосатынын айтқан болатын. Шаһар  басшысы сол жиында  «Алматы қаласы жылдан жылға бизнес пен капитал көзінің орталығы саналып келеді. Қала экономикасының  жартысына жуығын шағын және орта бизнес өкілдер жауып отыр. Қала халқының 65 пайыздан астамын жұмыспен қамтыду да осы субъект иелері жүзеге асырып келеді.    Қаладағы бизнес-климатты жақсарту және шағын және орта бизнесті одан әрмен өрісін кеңейтіп жұмысын жандандыруына қашанда басымдық беріп, қамқорлық танытамыз » деген болатын. Демек, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы мегаполисте кәсіпкерлікті өрістету тиімді жолға қойылып отыр. Тек кәсіп ашып, жұмысымды дөңгелетем деген жанның ынтасы болса жеткілікті.

Қуан Есімбай

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар