Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандағы соңғы саяси реформалардың Жамбыл облысында жүзеге асуы

09:43, 13 сәуір 2024 450

Елімізде соңғы жылдары саяси әрі әлеуметтік реформалар кеңінен жүзеге асуда. Соның ішінде адам құқықтары мәселесі, демократияны дамыту, заңның үстемдігін дамыту секілді шараларды нығайтуға назар аударылуда. Ендігі жолы, жалпы Қазақстан азаматтары саяси шешімдер мен жалпыұлттық маңызды шараларда шешім қабылдауда «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кеңінен қатысып, атсалысуға құқылы болады. Әрі саяси басқаруда теңгерімді жүйелер құрылып, Үкімет пен есеп беретін, ашықтық қағидаттар енгізілді. Бұл саяси жүйелердің барынша жаңаруына, әрі трансформациялануына тікелей мүмкіндік беретін шаралардың бірі десек болады.  Демократиялық реформаларды жүргізу бойынша Қазақстан өңірлік көшбасшы. Сонымен қатар, демократиялық реформалар, адам құқықтарын қорғау бойынша өңірлерде адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары жүзеге асырылады. Еліміздің әрбір өңірінде соңғы уақыттағы алуан түрлі жағымсыз қылмыстық іс-әрекеттердің артуына байланысты, адамдардың құқығын білуі маңызды. Себебі кейбір жәбір көрген азаматтар өз шағымдарын тиісті органдарға жеткізуге бата алмайды. Сондықтан әрбір өңірлерде, шағын ауылдық елді-мекендерде адамдардың құқығын қорғау бойынша жұмыс жасалуы тиіс.

Аталған шара бойынша Жамбыл облысында да тиісті шаралар қабылдануда. Мысалы, Жамбыл облыстық адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің айтуынша, әрбір аймақтағы аталған мәселемен айналысатын уәкілдер мен оның өкiлдерi өз құзыретi шегiнде мемлекет аумағында орналасқан азаматтардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын жеке дара немесе өз өкiлдерi арқылы қарайды. Соңғы жылдары уәкілге өтініштер санының тұрақты өсуі байқалады. Өткен жылы 5773 шағым тіркелген, бұл өткен жылдардағы өтініштер санынан асқан, 2022 жылы 3874 шағым болса, ал 2021 жылы 1855 шағым болған. Айта кету керек, 2023 жылы Жамбыл облысындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі 293 шағымды қараған, бұл өңірдегі жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Өтініштерді қарау шеңберінде өкілдік мемлекеттік органдарға 344 сұрау-хат және 18 өтініш-хат пен ұсынымдар жіберген. Осы шаралардың арқасында 57 өтініш қанағаттандырылды, оның ішінде 16 адамның құқықтары қорғалды және 219 өтініш бойынша түсініктемелер берілді.

Уәкіл жұмысының маңызды құрамдас бөлігі азаматтарды жеке қабылдау болып табылады. 2023 жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды және тергеу изоляторларындағы күдіктілерді қоса алғанда, уәкілге 224 адам жеке өзі барған. Осындай кездесулердің нәтижесінде заңға сәйкес 138 азаматқа түсініктемелер берілген, сондай-ақ 86 азаматтан жазбаша өтініштер алынған.

2023 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін немесе жазаларды жүзеге асыратын 23 мекемеге барған. Сапарлар нәтижесінде адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша 76 ұсыныс жіберілді, оның 68-і орындалды. Сондай – ақ, мекемелердің 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, ал 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан басқа, өңірде 50-ден астам іс-шара өткізілген, оның ішінде дөңгелек үстелдер, семинарлар және әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен кездесулер өткізілген, бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал етеді. Осыдан 5 апта бұрын Жамбыл облысында АҚҚ өкілі зейнеткерлерге заңгерлік кеңес берді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі облыстық Әділет департаментімен бірлесіп, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру шарасын өткізді. Мұндай отырыстар Омбудсменнің тапсырмасы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру аясында өткізіледі. Шара адвокаттың, нотариустың, заң кеңесшісінің, сот орындаушыларының, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының өкілдерінің қатысуымен өткен. Жиынға 50-ге жуық қызмет алушы, зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүгедектер қатысқан. Сарапшылар банкке төленетін несие сомасын азайту, алимент алу, жылжымайтын мүлікті сыйға тарту, банкрот деп тану, баспана кезегінде тұру сияқты басқа сипаттағы мәселелерді қарастырды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауап алып, пайдалы кездесу үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірген.

Тағы бір шара Жамбыл облысындағы Адам құқықтары жөніндегі мекеменің тергеу изоляторында жатқан көп балалы әйелге жеке куәлік алуға көмектесуі болмақ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесінде ұсталған күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдау кезінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне әйел адам жеке куәлікті алуға көмек көрсету туралы өтініш тастаған.

        Қабылдау кезінде ол кәмелетке толмаған бес баланың анасы екенін, балаларын әпкесінің қамқорлығына бергісі келетінін айтқан. Алайда, тергеу барысында оның жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткендіктен, өтініш беруші рәсімдеу үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттерді бұдан былай жасай алмай, жаңа құжат алуға көмек сұрайды. Әйелдің өтініші негізінде Уәкіл өкілі ҚҰИС-тің №67 мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалына өтінішхат жолдап, оның кедергісіз жеке куәлігін алуына көмектескен.

Наурыз айында келіп түскен өтініштер бойынша, Жамбыл облысы бойынша АҚҚ өкілі мүмкіндігі шектеулі азаматқа құжаттарын үйіне қайтаруға көмектескен.Жуалы ауданында өткен жеке қабылдауда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне 2-топ мүгедегі ер адам жүгінген. Өтініш беруші банк мәселесін шешуге көмек сұрады. Белгілі болғандай, ер адам банктен алған несиесін толық өтегенімен, оның әкімшілігі кепілде тұрған үйдің құжаттарын қайтаруға асықпаған. Сонымен қатар, арызданушы жеке сот орындаушылар салған шоттардан барлық шектеулерді алып тастауға көмек көрсетуді сұрады. Мәлімдемемен танысқан Уәкіл өкілі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Жамбыл облысының Әділет департаментіне мән-жайларды тексеру үшін хаттар жіберген. Нәтижесінде банк үйге құқық белгілейтін барлық құжаттарды қайтарды, жеке сот орындаушылары қойған шектеулер алынып тасталды.

Адам құқығын қорғау реформасы бойынша енгізілген өзгерістердің келесісі кәсіпкер әйелдердің кәсіппен айналысуына тыйымның алынуы болмақ. Сонымен қатар әйелдер мен жастарға арналған парламанттік квотаның мөлшері артты. Биылғы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашокеев жамбылдық іскер әйелдермен кездесу өткізген болатын. Жиын барысында аймақ басшысы ерлермен тең дәрежеде жұмыс істеп, қоғамның ілгерілеуіне зор үлес қосып жүрген белсенді әйелдердің еңбегін атап өтті. Сондай-ақ Ербол Қарашокеев «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тиімді қызметін атап өтті. Ол әйелдердің қайырымдылық бастамаларын дамытуда жергілікті әкімдіктің қолдауы тоқтамайтынын атап өтті.

"Кәсіпкерлікті қолдау - атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда облыстағы барлық кәсіпкерлердің 42 пайызын құрайтын әйелдер бизнесте белсенділік танытуда. Біз сіздердің дамуларыңызға алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлетін боламыз. Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты. идеяларды талқылау және іскер әйелдерді толғандыратын мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ өңіріміздің даму мақсаттарын ілгерілету», - деп атап өтті аймақ басшысы. Жиында облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев ауылдағы әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тартуға ықпал ететін Кәсіпкер әйелдерді дамыту орталығының іске қосылғанына тоқталды. Сондай-ақ ол өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен М.Х. атындағы Тараз өңірлік университеті арасында меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Облыстық бөлшек сауда кәсіпорындары бірлестігінің басшысы Виктория Усманова эко-дүкен салуды ұсынса, жеке кәсіпкер Анар Үмбетова қолөнерді дамытуда шет мемлекеттермен тәжірибе алмасудың маңыздылығын жеткізді.

Жиын соңында Ербол Қарашокеев іскер әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, облыстың қоғамдық өміріне қосқан үлесі және кәсіпкерлікті дамытуға белсенді атсалысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті. Ол айтылған ұсыныстардың барлығы ескерілетініне және Іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен үнемі кездесіп тұратынына сендірді.

Жалпы Жамбыл облысында кәсіпкерлік нысандардың 42 пайызын әйелдер басқарады. Жамбыл облысында әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш өңірдегі кәсіпкер әйелдер санының артып келе жатқанын көрсетеді. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, Жамбылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді. 2023 жылдың соңына қарай бұл сан өткен жылмен салыстырғанда 115,3 пайызға артып, 106 779-ға жетеді деп күтілуде.

Іскерлік белсенділіктің артуы жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етеді. Қазіргі таңда облыста әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындарда 48 мыңға жуық адам жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылардың 30 пайызын құрайды. Өткен жылы 2780 кәсіпкер әйел мемлекеттік қолдауға ие болды. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы және «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламалары аясында 2023 жылы 512 кәсіпкер әйелге жалпы сомасы 13,2 млрд теңге бөлінді.

Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев Кәсіпкер әйелдерді дамыту орталығын құрудың және Тараз өңірлік университетімен меморандумға қол қоюдың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол ауыл әйелдерін бизнеске тартуға ықпал ететін «Бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы жоба аясында 50-ге жуық кәсіпкер әйел жұмысқа орналасып, «Мен кәсіпкермін» жобасы аясында қолдау көрсетілген.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар