Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан көрші елдерге тәуелді. Суға байланысты қандай келіссөз жасалады?

07:21, 30 қаңтар 2024 281


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкіметте бүгін су шаруашылығын дамытудың тұжырымдамасын қорғап, оны үкімет мүшелері қолдап дауыс берді деп хабарлайды alash.kz сайты ұлысмедияға сілтеп. 



Су жаңа министр су туралы не дейді?




Үкіметте баяндама жасаған министр географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі трансшекаралық екенін айтады. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді болып отыр. Осыған байланысты Арал-Сырдария (90%), Жайық-Каспий (80%), Шу-Талас (75%), Балқаш-Алакөл (45%) су шаруашылығы бассейндері, ең азы Тобыл-Торғай (12%) және Ертіс (20%) су шаруашылығы бассейндері неғұрлым осал санаттарға енгізілген.
– География және су қауіпсіздігі институтының деректері бойынша (2023 жылғы 1 наурыз) 1960 жылмен салыстырғанда Қазақстан аумағындағы орташа көпжылдық өзен ағыны 12,5 шаршы шақырымға азайды. Оның ішінде жалпы көлем қысқаруының 9 шаршы шақырымы немесе 72 пайызы жергілікті өзендердің үлесіне, ал трансшекаралық өзендердің үлесіне 3,5 шаршы шақырымы немесе 28 пайызы келеді, – дейді ол.

Мәселенің шешімі бар ма?

Осыған байланысты, трансшекаралық ағынды азайтудың ықтимал үрдісін ескере отырып, 2030 жылға дейін трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту су қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілерінің біріне айналғалы тұр. Трансшекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану, қорғау туралы жаңа екіжақты және көпжақты шарттық базаны құруды және қолданыстағы шарттарын жетілдіруді талап етеді.
– Мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан мен үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою Тұжырымдамада көзделген. Халықаралық су ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі Орталық Азияның су-энергетикалық ынтымақтастығы тетігін әзірлеу. Сондай-ақ, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейту, сондай-ақ арнайы департамент құру жоспарланып отыр, – дейді ол.

«Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңының жобасы мәжілісте қаралып сенат қарауына еңгізілген. Конвенция трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын бүкіл әлемде тең құқықты және тұрақты басқаруға ықпал ететін жаһандық құқықтық механизм саналады. Қазіргі конвенцияда 37 мемлекет бар. Қазақстанмен көршілес елдердің ішінде тек Өзбекстан ғана конвенцияның мүшесі.

Көрші мемлекеттерді келіссөзге тартуда үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиімді аргументтерді әзірлеуді тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар