Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс бүкіл байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ

17:45, 09 мамыр 2025 186
 

Америкалық миллиардер Билл Гейтс өзінің байлығын алдағы 20 жыл ішінде қайырымдылыққа жұмсамақ, деп жазады Alash.KZ.  

Бұл туралы ол өзінің жеке блогында жазды.

Ол соңғы уақытта кәсіпкер Эндрю Карнегидің "Байлықта өлетін адам масқара болып өледі" деген сөзін жиі ой елегінен өткізгенін айтты. Осыдан кейін Гейтс қоғамға көмекті бастапқыда жоспарлағанынан әлдеқайда ерте және көбірек жасауды жөн көрген.

- Сондықтан мен ақшамды қоғамға бастапқыда жоспарлағаннан әлдеқайда тез қайтаруды шештім. Алдағы 20 жыл ішінде мен бар байлығымды Гейтс қоры арқылы бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін құтқару және жақсарту мақсатында жұмсаймын, – деп жазды Microsoft компаниясының негізін қалаушы.

Билл Гейтс өз мәлімдемесінде қордың жұмысы 2045 жылдың 31 желтоқсанында, яғни бұған дейін белгіленген мерзімнен ертерек аяқталатынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар