Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұхтарды адам санамаймын!" - Айдос Сарым

05:35, 05 мамыр 2023 279
Мәжіліс депутаты Айдосы Сарым журналист Мақпал Мейірбекқызына берген сұхбатында бір кездері жақын араласқан, экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан туралы пікір білдірді, деп хабарлайды alash.kz.
Журналист сұхбат барысында бірнеше белсендінің суретін көрсетіп, осылардың арасынан қайсысын партия жетекшісі ретінде көресің деп сұрады.
Ол мысалы Ораз Жандосов пен Мұхтар Жәкішевті саяси лидер ретінде көрмейтінін айтты.
«Екеуі де жақсы маман, экономист. Бәлкім, бір министрліктің немесе вице-премьердің жұмысын атқара алатын шығар. Алайда екеуінің де болмысы саяси партия басқаруға келмейді. Мысалы, Ораз Жандосовты 1997 жылдан бері жақсы танимын. Бірақ одан үлкен саясаткер көріп отырған жоқпын. Ал Мұхтар Жәкішевтің Нартай Дүтбаевпен телефон арқылы сөйлескенін тыңдап көріңіздер. Оны кезінде Рахат Әлиев шығарған. Сол кезде түсінесіздер», – дейді Айдос Сарым.

Ал бір кездері митингтерге бірге шығып, бірге баспасөз мәжілістерін өткізген Мұхтар Тайжан туралы қазір көзқарасы өзгерген.
«Мұхтарды адам санамаймын. Бұл менің жеке антипатиям деп біліңіздер», – деді депутат.

Айта кетейік, Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжан екеуінің туған күні бірдей. Жылдары әртүрлі болғанымен, екеуі де 10 қыркүйекте дүниеге келген.

Бұған дейін Мұхтар Тайжан бір сұхбатында:

«Айдос Сарымды ақылы мен білімі үшін сыйлап келген едім» деген болатын. Кейін пікірі өзгергенін жеткізген. Тайжанның айтуынша, Сарым Қосанов сияқты қазақ халқының сатқыны, халықтың сенімімен ойнап, елдің алтын тарихи уақытын ұрлап отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар