Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жатақхана емес отель”. Динара Сәтжанның күйеуі бастаған кәсіпкерлер студенттерге арнап 17 жатақхана салды

21:31, 30 наурыз 2025 2583

Белгілі бизнесмен Жұмабек Жанықұлов бастаған кәсіпкерлер студенттерге арнап еліміздің түкпір-түкпірінде барлық жағдай жасалған заманауи 17 жатақхана салды, Alash.kz ұлттық порталы.

“Жұмабек Жанықұлов өзі сияқты бірнеше бизнесменнің басын қосып, жер-жерде 17 жатақхана салыпты. Студенттер онда тегін тұрып, ағылшын тілін үйреніп, басқа да курстарға қатыспақшы. 5000 мұғалімді және оқытқалы отыр екен. Алматыда ашылған жаңа жатақхананы көрген Марғұлан Сейсенбай, анау жатақхана емес, отель сияқты деп таң қалып жазыпты. Алғаш боп Жұмабектің өзі ақша шығарып, бір ғимаратты сатып алыпты да, сосын оның бастамасын жан-жақтан 50 бизнесмен іліп әкеткен. Қазір орталықта 1700 студент пен мұғалім тұрып жатыр екен. Ең үздік 300 оқытушы-еріктілер әлгілерді оқытып, білім беруге кіріскен. Жатақхана анау-мынауына ақша тауып отыру үшін, бизнесмендердің біреуі Urbo Coffee-нің франшизасын тегін беріпті оларға. Студенттерді оқытуға кететін шығынды содан түскен пайдамен жауып, жатақхананың керек-жарағын да сол ақшаға сатып алып отырмақшы екен енді”,- деп жазды Жолымбет Мәкіш атты азамат өзінің Facebook парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар