Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаскелеңде аса ауыр қылмыс жасаған кінәлі сот залында қашып кетті

17:00, 01 сәуір 2025 2841

Бүгін, 2025 жылдың 1 сәуірі күні Қаскелең ауданының сот залынан адам зорлады деп айыпталған ер адам қашып кетті, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Полиция 30 жастағы ер адамның тура сот залынан қашып кеткенін растады.

«Қазір тергеудегі М.есімді азаматтың қашуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны ұстау үшін тиісті кешенді шаралар атқарылып жатыр. Оқиғаның қандай болғанын анықтау үшін қызметтік тексеру басталды», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті агенттікке.

Полиция қашып кеткен азаматты көрген-білген адам болса бірден 102 телефонына хабарласу керек дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар