Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Діни экстремизм мен "орыс әлемі" идеясына қарсы фильм түсіріледі

16:41, 27 қазан 2022 222
Құрметті отандастар !!!Б

іздің атақты ата-бабаларымыз Күлтегін,Тоныкөк, Білге, Бумын қаған мен Шыңғыс хан монотеистік Тәңір сенімін ұстанып, барлық діндер мен мәдениеттерге төзімділік танытқан еді.

Нақтырақ айтсақ,көшпенділер өмір сүрген "Ұлы Дала" қағанатында діни қызметкерлер салықтан босатылып,оларға діни ғимараттар салуға рұқсат етілді, мысалы Шыңғыс ханның Жасақ(Ясы) доктринасы бойынша дін Һәм ар-ождан бостандығына толықтай еркіндік берілді.

Біз энтузиаст-еріктілер түркілердің зайырлы көзқарастағы толерантты дүниетанымын негізге ала отырып,қазақ қоғамына аса қажет көркем-деректі фильм түсіргіміз келеді.

Бұл фильмнің негізгі тұжырымдамасы - Қазақ елінде діни экстремизм және өңірлік сепаратизм сияқты Ресейдің импершіл идеяларынан жастар мен өскелең ұрпақты мейлінше сақтандыру болып табылады.

Біз сіздерден зайырлы өмір салтын насихаттауға және радикализмнің кез келген формасына қарсы тұруға бағытталған аталмыш фильмді (нақты фактілерге негізделген) түсіруге қаржылай көмек-қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Көркем-деректі фильм Тұрарбек Құсайынұлының "Мен қалай рухани жаңғырдым"атты өмірбаяндық кітабына негізделген.

Реквизиттер:

Хайрлыев Еркебулан Салаватулы

АО Kaspi Bank

CASPKZKA

KZ59722C000022407550

Карта номері: 4400430161757189 (YERKEBULAN KHAIRLYEV)

ЖСН: 950721300067

Телефон: 87474243820

Көркем-деректі фильм

Аты: "МЕН ҚАЛАЙ РУХАНИ ЖАҢҒЫРДЫМ"

Жанры: көркем-деректі.

Тілі: қазақша

(орысша-ағылшынша)

Хронометражы: 80 минут.

Мақсаты: Фильм экстремизм мен діни радикализм және ресейшіл бағыттағы өңірлік сепаратизм сияқты деструктивті идеялардан сақтандырады, дін мен діни идеологияның аражігін ашып көрсетеді. Демократия мен либерализм құндылықтарын, рухани еркіндікті насихаттайды.

Фильмнің қысқаша баяны:

Фильмде өзінің өмірдегі орнын іздеу жолында деструктивті діни ағымдар мен радикал саяси ұйымдардың ықпалына түсіп, адасып, аңдамай от басқан, туып-өскен жерінің проблемаларына қатты қамығатын патриот жас жігітің қиын тағдыры баяндалады.

Табысы мол кеме капитаны мамандығын тастап, Ақиқат іздеген ол медресеге барып білім алып, молдалық қызметке кіріседі. Мұндағы оны мақсаты – Атыраудағы күрделеніп кеткен діни ахуалды жақсарту, сырттан келген деструктивті діни-идеологияларға тосқауыл қою болатын. Бірақ, мүфтиятқа қарасты мешіт молдалары бұл істе дәрменсіздік танытты. Мұны білген фильмнің бас кейіпкері басқа діни-идеологиялық ұйымдар мен діни идеологтардың көмегіне жүгінбек болады. Өстіп жүріп ол бірнеше діни ұйымға кіріп, оның қатарында белсенді жұмыс жасайды. Бірақ, діни ұйымдардың ешбірі оған діни ахуалдың күрмеуін шешуге көмектесе алмайды. Ұйым ішіндегі интригалар, сыртқы күштердің ықпалы, ортағасырлық дәстүршілдік, бәрі-бәрі деструктивті идеологияларға қарсы тұруға қауқарсыз, қоғамның рухани жаңғыруына септігі болмады. Қайта момақан саналып келген кейбір ұйымдар жеме-жемге келгенде саяси мақсатты көздеген радикал экстремистік қимылға бейім екені анықталады. Сондықтан діннің ақиқатын іздеген бас кейіпкер бірнеше ұйымға кіріп, көп ұзамай одан кетеді.

Бас кейіпкер қазақ қоғамындағы нәсілшілдік, рушылдық, ксенофобия, антисемитизм сияқты адамзат дамуына кедергі жасап келе жатқан жат қылықтармен де бетпе-бет кездеседі. Сөйтіп жүріп, тіпті оның өзі де трайбализм, аймақшылдық сияқты қоғамдық кеселге шалдығады. Сепартатизмге және мемлекеттік құрылымды күштеп өзгертуге шақырған хатты таратамын деп Қылмыстық кодекстің бабымен соталып, өмірінің үш жылын түрмеде өткізеді.

Фильмнің бас кейіпкері діни-идеологиялық және ұлтшыл саяси ұйымдардың ішінде жүргенде өзінің әрекеті мен айналасында болып жатқан процестерге баға беріп, оның дұрысы мен бұрыс ажыратуға, ойлануға мұршасы болмады. Кейде қоғамға қауіпті жат әрекеттерге өзінің қарсылығын білдіргенімен, ол көбіне сол процестердің толқынында қалбалақтап аққан ағаштың жаңқасындай күй кешеді.

Өзінің тағдырымен тікелей байланысты болған оқиғаларға бас кейіпкер біркісілік түрмеде алты ай жалғыз жатқанда ғана баға бере бастайды. Ақиқат іздеп, саналы өмірін рухани толғаныспен өткізіп келе жатқан адамға бостандығын шектеу, оны тар камерада айлап жалғыз қалдыру – ең ауыр жаза. Мұндай кезде кейбір адамдар жынданып та кетеді. Бірақ бас кейіпкер бәрін керісінше жасайды. Ол Тәңірдің адамдарға берген ең үлкен сыйын – Ақылын қайта іске қосады. Өткен өміріндегі барлық оқиғаларға рационалды анализ жасай бастайды. Мұның нәтижелі шығуы ақиқатпен тікелей байланысты. Әр нәрсені өзінің атымен атап, «анау ренжиді», «мынау кісінің көңіліне тием-ау» деп бір нәрсені жасырып қалу ғана емес, өзің жасаған қателікті, жаман қылығыңды, барлық шындықты жайып салуың керек. Тіпті көрсеқызарлық, нәпсіқұмарлық сияқты ұят нәрселерді де жасырып, ешқандай оқиғаны өмірбаяныңнан сызып тастауға болмайды. Эмоцияны былай ысырып қойып, өзінің саяси мүддесіне жетудің құралы етпекші болған, түрмеге қамалауға себепші болған адамдарға деген іштегі бұрынғы ыза мен кектің жалынын өшіру де қажет. Сонда ғана анализ толыққанды болып шығады, сен өткен өміріңе өзің баға беруіңе мүмкіндік туады. Мұндай тәуекелге бару бір жағынан ерлік болса, екінші жағынан өзіңді өзің аяусыз жазалау болып көрінеді. Осылайша өзін құрбандыққа шала отырып жасалған анализ өз нәтижесін береді, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтап бағдар алуға жол ашылады. Фильмнің бас кейіпкері осындай тоқтамға жетеді.

Фильм түсірілетін жерлер: Атырау, Алматы, Шымкент, Стамбул, Мәдина, Нью-Дели, Бішкек.

Тұрарбек Құсайынов
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?