Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстанда ер адам әйелін қызғанып пышақтап өлтірді

12:33, 30 мамыр 2025 555

Ош облысында мектепті бітіргеніне 20 жыл болған түлектер қуанышының соңында қайғылы өлім болды. Мерейтойдан кейін күйеуі әйелін өлтірген. Алдын ала болжам бойынша, еркектің мұндай қадарға баруына қызғаныш себеп болды.  Ер адам қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бес бала жетім қалды, деп жазады Alash.KZ порталы "Азаттыққа" сілтеп. 

Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қызғаныш сезімімен әрекет еткен. Әйел оқиға орнында көз жұмды, дәрігерлер оның өмірін құтқарып үлгермеді.

27 Мамырда Ош облыстық полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды.

Тергеу органдары оқиғаның барлық себептері мен жағдайларын анықтап жатыр. Қоғамда осындай тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиілеп кеткені алаңдатарлық жайт. Мамандар бұл — әлеуметтік, құқықтық және психологиялық деңгейде жүйелі жұмыс жүргізуді талап ететін мәселе екенін айтуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар