Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның цифрлық жетістіктері 4 елдің үкімет басшыларына таныстырылды

07:45, 02 ақпан 2024 453
Жыл сайын өтетін Digital Almaty форумы аясында озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласындағы отандық жетістіктер ұсынылды. Пленарлық сессия алдында көрмемен Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары танысты.

Көрмеде 300-ден астам қазақстандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ GovTech, AgroTech, Индустрия 4.0, ESG, Smart City және т.б. сияқты цифрландыру салаларындағы мемлекеттік органдардың жобалары ұсынылған.

Үкімет басшыларына ҚР мемлекеттік ақпарат жүйелерінде бірыңғай стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін Qaztech платформасы және «таза парақтан» кәсіпкерлік қызметті реттеудің цифрлық негізі таныстырылды.

Сонымен қатар қонақтарға Алматы қаласының цифрлық сервистері, сондай-ақ тау-кен және металлургия кешенінде, өнеркәсіп пен энергетика секторында, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдары есебінен Индустрия 4.0 жобаларын енгізу нәтижелері көрсетілді. Атап айтқанда, бұл өндірісті басқару процестерін автоматтандыруға, жабдықтың тозу деңгейін төмендетуге және өнімсіз шығындарды азайтуға қатысты.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи технологияларды енгізу туралы айтып берді.
«Индустрия 4.0 – өнеркәсіп кәсіпорындары мен жер қойнауын пайдаланушыларға цифрлық технологияларды енгізу арқылы өз шығындарын қысқартуға және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи тренд. Көрмеде біз бірқатар цифрлық жобаларды жүзеге асырған тау-кен металлургия кешенінің бірнеше кәсіпорнын ұсынып отырмыз. Мемлекет қолдау шараларын көрсету арқылы Индустрия 4.0 жобаларын ілгерілету бойынша белсенді саясат жүргізуде. Бұл сондай-ақ бизнестің осындай технологияларды енгізуге жұмсаған шығындарын өтеуге қатысты. Бүгінгі таңда 183 млн теңгеден астам қаражат өтелді, бұл жұмыс жалғасуда», — деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар