Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақынмен кездесу өтті

05:42, 17 ақпан 2024 660
Таяуда Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мектебімізде ұстаздардың ұйымдастыруымен белгілі қазақ ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, ақын, публицист, қоғам қайраткері, "Қазақ журналистикасының қайраткері", Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, Қазақ телевизиясының ардагері, танымал қазақ ақыны Жұмаш Кенебаймен(Көкбөрі) метеп оқушыларының кездесуі болып өтті.

Осы арада бір атап өтетін мәселе сабақ орыс тілінде жүретін аталмыш мектеп-лицей оқушыларының, ұстаздарының қазақ тіліне, қазақ ақын-жазушыларына, нақтырақ айтқанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне деген құрметінің ерекше екенін атап өткен жөн сияқты. Мектептегі қабырғадағы хабарландырулар, ақпараттар қазақ және орыс тілінде жазылатыны өз алдына назар аударарлық, басқаларға да үлгі боларлық тамша дәстүр екенін атап өткен абзал.

Белгілі қазақ ақыны Жұмаш Кенебаймен(Көкбөрі) кездесу таза қазақ тілінде жүрді. Орысша білім алатын мектеп оқушыларының қонаққа қойған сұрақтары сан қырлылығымен ерекшеленді. Қазақ әдебиетіне деген ерекше құрметті осы басқосудан аңғару қиын емес.

Ақын Жұмаш Кенебай оқушылар сұрағына байланысты кешегі 1986жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасына қалай қатысқаны, ол туралы әйгілі "Зобалаң" дастанын жазғаны, оны сол Кеңес одағының кезінде, атап айтқанда 1990 жылы "Азаттық" радиосынан бір сағаттық ардиоинсцениорка ретінде таратқаны, сол кездегі Алманияның Мюнхен қаласында орналасқан "Азаттық" радиосының қызметкерлері: Нұркәмал Пынар, Суат Шерушілердің рөлде қалай ойнағандарын, "Азаттық" радиосы қазақ бөлімінің директоры, бүгінде марқұм Хасен Оралтайдың, аталмыш радионың Қазақстандағы меншікті тілшісі марқұм Қиял Сабдалиннің, белгілі алаштанушы Батырхан Дәрімбеттің(марқұм) бұл шығарманың әлем тыңдармандарына тарауына ерекше үлес қосқанын қонақ Жұмаш Кенебай(Көкбөрі) қызғылықты баяндағаны оқушылар қызығушылығын тударғаны бірден байқалып отырды.

Сонымен бірге ақын Жұмаш Кенебайдың(Көкбөрі) 1992-2002 жылдар аралағында Қазақ телевизиясынынан өзі авторы әрі жүргізушісі болған "Түрік даналары" телебағдарламасының 40-тан астам әр қайсысы 30 минуттан тұратын хабарларының тарихын әңгімелегені, Томирис, Зарина, Мөде қаған, Ишпақай, Атилла, Күлтегін, Білге қағаннан бастап Мағжан Жұмабай, Ататүрік, Мұстафа Шоқайға дейінгі ұлы бабаларымыз туралы және кешегі "Алаш" ардагерлері, олардың ұрпақтары туралы қазақ телевизиясынан жасаған "Тұлпардың тұяғы" атты телехабарын қалай түсіргені жөніндегі әңгімесі де оқушылар назарын ерекше аударғанын атап айтқан жөн. "Дара тұлғалар" атты телехабары жөніндегі әңгімелері де оқушылар назарын аударды. Сонымен бірге қонақ осы телехабарларды қай елдерге барып түсіргені туралы әңгімесі де оқушылар назарын өзіне аударғаны белгілі.

Мектеп оқушылары ақынның "Алматыма тағы да келді көктем", "Қыз бен күз", "Аққулар жүрек жасайды" және тағы басқа өлеңдерін нәшіне келтіре оқығандары ақын көңілінен шықты. Осы арада ақын Жұмаш Кенебай(Көкбөрі) "Аққулар жүрек жасайды" өлеңінің қалай дүниеге келгені туралы естелігі де оқушыларды қатты қызықтырғаны рас еді. Ақын өлеңдерін жатқа оқыған мектеп оқушылары: Әмір Храмов, Томирис Кенгесбаева, Талғат Меруерттің ақын өлеңдерін нәшіне келтіріп тамаша орындағандарын атап өткен жөн сияқты. Сондай-ақ Темірлан Ержановтың домбырада "Алаш аманаты" күйін орындауы, Лекер Аңсағанның "Туған жер" әнін шырқауы қазақ тілінің мұғалімі Гүлден Баяманованың әсем әні кеш ажарын аша түскені рас.

Кеш қонағы ақын Жұмаш Кенебай(Көкбөрі) кездесу соңында Мәншүк Мәметова атындағы 28 мектеп-лицейдің ұстаздар қауымына, бүгінгідей керемет кеш өткізуге қатысқан мектеп оқушыларына өзінің шексіз ризашылығын білдірді.

Айсұлу Медетбекова, Ботагөз Жайлыбаева
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар