Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Марат Сұлтанғазиев Жеңістің 80 жылдығымен ардагерлерді құттықтады

12:00, 08 мамыр 2025 75

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады.

Облыс басшысы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, мерейтойлық медальдар және Қонаев қаласынан жаңа жайлы пәтерлердің кілттерін табыстады. Айта кетейік, облыстағы барлық Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілген болатын.

Марат Сұлтанғазиев соғыс жылдарындағы ерліктері үшін шын жүректен алғысын айтып, ардагерлерге қамқорлық көрсету — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған, ерлік көрсеткен жандардың есімі ел жадында мәңгі сақталады. Сіздердің жеңіске қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз әрқашан Сіздерді мақтан тұтамыз, — деді облыс әкімі.

Ардагерлер көрсетілген құрмет пен қолдау үшін өңір басшылығына алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер жеңімпаз ұрпағына деген терең сыйластықтың белгісі екенін айтты.

Жеңістің 80 жылдығын атап өту — халықты ортақ тарих пен жарқын болашақ идеясы төңірегінде біріктіретін маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар