Атыраудағы мектепте орыс сыныптары жабылмақ, деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Атыраудағы Салық Зиманов атындағы мектепте жаңа оқу жылында орыс сыныптары жабылады. Бұл шешімге мұғалімдердің жетіспеушілігі себеп болған.
Бұл туралы білген ата-аналар бірнеше рет білім бөліміне хат жолдаған. Олар төрт жыл бойы бір сыныпта оқып келе жатқан балалардың әртүрлі мектептерге бөлінуі олардың психологиялық жағдайына және оқу үдерісінің тұрақтылығына кері әсер етеді деп алаңдаулы.
№37 мектеп ресми түрде қазақ тілінде оқытатын оқу орны болып есептеледі.
Дегенмен 2021 жылы орыс сыныптарына сұраныстың артуына байланысты мектепке орыс тілінде оқытатын бірінші сыныптар қабылданған.
Қазір бұл оқушылар төртінші сыныпты аяқтап жатыр.