Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті

09:36, 08 мамыр 2025 130

Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, деп жазады Alash.KZ.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер миға қан құйылғанын анықтады. Дәрігерлердің айтуынша, Ахметшәріп комаға түскен.

Журналист бірнеше күн бұрын Facebook әлеуметтік желісінде Ақтаудан суреті мен бейнесі бар пост жариялады. Ол қалаға төрт күнге іссапарға келгенін жазған болатын.

Қазіргі уақытта Ахметшәріп туризм және спорт министрінің жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. Ол сондай-ақ ІІМ-нің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің құрамына кіреді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар