Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылық оқушылар 1,5 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге тапсырған

14:47, 30 мамыр 2023 212
Соңғы жылдары қала жастары арасында жақсы үрдіс қалыптасып келеді. Олар табиғатқа жанашыр болып, жиі тауға шығып, кейде жұрттардың табиғат аясына тастаған қоқысын жинауды да флешмобқа айналдырып келеді. Сондай науқандардың бірі кеше өтті.  Алматы қаласындағы 11 мектептен 40-қа жуық оқушы қатысып, табиғатқа өз жанашырлықтарын танытты.

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна тұрмыстық қалдық шығарылады. Соның шамамен небәрі 25 пайызы ғана қайта өңделеді десек, қалғаны қоқыс полигондарының аумағын кеңейтіп отыр. Себебі сұрыптау кәсіпорындары барлық аймақта жоқ. Бұл жайында Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеген болатын. Өз кезегінде алматылық жастар қоқыс жинауды әдетке айналдырып келеді.



Осы орайда Алматыдай мегаполис тұрғындары 2030 жылға дейін қайта өңделетін қалдықтардың үлесін 40 пайызға жеткізу міндеті тұр. Ал қала тұрғындары 1 жыл ішінде 460 мың тоннаға жуық қоқыс тастайды екен.

Жылына 550 мың тонна қоқысты сұрыптап, өңдеуге қуаты жететін зауыт тәулігіне 1200 тонна тұрмыстық қалдық қабылдайды. Мекеме Алатау ауданында орналасқан. 200-ден аса қызметкер жұмыс істейтін зауыт қала қоқысының 75 пайызын қамтиды. Ол үлкен 3 бөліктен тұрады. Біріншісі - қабылдау бөлімі, онда керексіз заттар жиналады. Әрі қарай қоқыс сұрыпталып, сығымдалу үшін екінші бөлікке түседі. Соңғысы – қойма. Ал өңдеуге жарамайтын азық-түлік, құрылыс материалдары, ағаш бұтақтары мен техника сияқты қалдықтар бөлек шығарылып тасталады.

Оқу жылы басталғалы алматылық оқушылар дәл осы зауытқа 1,5 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге тапсырған. Іс-шара қала әкімдігі мұрындық болған «Жасыл мектеп» акциясы аясында жүзеге асты. Аталмыш жоба білім ошақтарының ішінде эко-белсенділер тобын құруға бағытталған.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар