Мәселен, дәл қазір Алматы қаласының мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылған. Осы мәселеге орай қалалық полиция департаментінің өкілдері «Балаларымыздың қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға қойылып, полицияның тұрақты бақылауында. Барлық білім беру нысандарында қауіпсіздік мәселесі бойынша тексеріс жүргізілді.
Бүгінгі таңда қала мектептерінде 4960 бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар, қаланың жалпы білім беретін мектептерінде “дүрбелең батырмалары” орнатылған, олар бірден ПД ЖБО-ға қосылған. Сондай-ақ білім беру нысандарына кіру жүйесі ретке келтірілді. Арнайы турникеттер бар», – дейді.
Демек алматылық ата аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдамаса да болады. Өйткені қаладағы мектептер оқушыларға да, ұстаздарға да жайлы, заманауи қалыпқа түсіп келеді.