Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аяғы жоқ егін егеді, комбайн айдайды": Желіде әуесқой әнші әкесінің қарызы туралы айтты (Видео)

15:43, 21 қараша 2024 1319

Әлеуметтік желі арқылы танылған Дильназ Ермекқызы есімді әнші бар. Желіде өте белсенді. Әуесқой әнші отандық телеарналардың бірінде әкесі туралы сұхбат беріп, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Alash.KZ.

Әншінің әкесі бір аяғы жоқ мүмкіндігі шектеуді жан. Алайда ол өзінің сондай "ерекшелігіне" қарамай балаларын асырап, камаз айдап, комбайнмен табыс табады. 

"Біреулер әкелерінен намыстанады, ұялады. Ал мен керісінше мақтанамын. Әкем бір аяқпен трактор айдайды, бір аяқпен комбайн айдайды, бір аяқпен түн ортасында шекара асып анама тауар әкеп беретін. Он жылдан астам уақыт екеуі базарда тұрды.  Соның бәрін көріп өстік" дейді Дильназдың өзі. 

Қыздың айтуынша, қазіргі уақытта әкесі ауылда егіншілікпен айналысатын көрінеді.

"Егіншілікпен айналысады. Дәнді адам егеді, алла береді.  70 млн теңге қарызы бар. Бірақ қарызы бар адамға ұқсамайды, сынбай келе жатыр, жүрегінде үміт бар" дейді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар