Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны туралы бір жыл бойы ескертілді - Абзал ҚҰСПАН

14:40, 02 мамыр 2024 575
 

Топан судың салдарынан қаншама халық баспанасынан айырылды. Бірде-бір шенеунік жауапқа тартылмады. Депутаттар Берік Асыловқа сауал жолдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Егемендік алған жылдан бері болып отырған ең ауқымды су тасқыны. Алдын-алу жұмыстарын жүргізбеген атқарушы органдар мен әкімдіктер жазалануы тиіс екені айтылды. 

– Неге жергілікті атқарушы орган? Өйткені, өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған, яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген, ол Үкімет емес, басқа емес, жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдіктер. Ал келтірілген шығындарды өтеу салмағы әркез мемлекет мойнына артылады, – дейді ол.

Абзал Құспанның сөзінше, қылмыстық кодекстің үшінші бабында аса ірі залал және ауыр зардап деген ұғымдар бар, биылғы су тасқынында мемлекетте, азаматтарда аса ірі көлемде шығынға ұрынып, адамдар опат болған.

–  Президенттің су тасқынына байланысты сізге нақты тапсырма берді, сондықтан мен бір топ депутат болып аяқтай барып жағдайды зерттеген екі өңір–БҚО және Атырау облысының Құлсары қаласы мысалында, тексеруді Бас Прокуратура деңгейінде, кешенді түрде ұйымдастыру қажет деп есептеймін.
Құлсарыға қатысты, жергілікті белсенділер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары Жем өзені бойындағы заңсыз салынған бөгеттер  туралы мәселені былтыр, 2023 жылы көтеріп, жергілікті әкімшілікпен прокуратура тарапынан ешқандай қолдау таба алмағаны себепті, оларға сенбейді. Барлық тиісті құжаттар, фактілер менің қолымда бар, – дейді депутат.

Абзал Құспан су 2011 жылдан кем келмейтіні туралы сала мамандары дәл Құлсарыдағыдай, өткен 2023 жылдан айта бастады, биылғы жылдың қаңтар айында жергілікті «Надежда», ақпан айында Республикалық «Время» газеттерінде материалдар жарияланған, бірақ сол су келіп жеткенге дейін тиісті шаралар қолданбаған.

– Әбден тақағанда жергілікті атқарушы орган паникаға салынып, бүкіл Республиканы дүрліктіріп, жан-жақтан техника мен еріктілерді алдыртты, су деңгейі 10 метрден асып кетеді деп бөгеттер соқты, адамдарды шұғыл эвакуациялады, Қазақстанды айтпағанда шетелден гуманитарлық көмектер алдырды. Нәтижесінде келген судың максималды деңгейі 8 метр 64 см құрағанын көріп отырмыз. Бұл салғырттыққа және келген шығындар үшін жауапты шенеуніктер заң алдында жауап беруге тиіс! – дейді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар