Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сырға салу… Өзіме де өте қызық»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті

13:21, 18 тамыз 2026

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, әлі күнге дейін құлағының тесілмегенін айтты, деп жазады Alash.kz.

Әдемінің сөзінше, бұған әкесінің ұстанымы себеп болған.

Қызының айтуынша, Тұрсынбек Қабатов қазақтың «сырға салу» дәстүрін ерекше құрметтейтіндіктен, қыз баланың құлағын тек ұзатылар сәтте, құдалар «сырға салу» салтын жасағанда гана тесуді жөн көрген.

«Байқасаңыздар, менің құлағым әлі тесілмеген. Кішкентай кезімде папам келіп, бұның себебін түсіндірген еді. Қазақта "сырға салу" деген өте әдемі дәстүр бар ғой. Бұрындары құдалар келіп, қызды кішкентайынан атастырып, құлағына сырға тағып кететін болған. Ал қазір бұл салт заманауи түрде жалғасып келеді. Құдалар келіп, қызға  сырғасын тағады», – деді ол.

Әдемі Тұрсынбекқызы өзі де осы күнді тағатсыздана күтіп жүргенін жасырмады.

«Өзіме де өте қызық болып тұр, өйткені өмірімде алғаш рет дәл сол күні сырға тағамын! Әрине, басында медициналық сырға салынғанымен, кейін оны ауыстыруға болады. Құдалар жағы әдемі сырға алып келеді деп үміттенемін», – деді Әдемі Тұрсынбекқызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар