Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан үкіметі АҚШ-қа 49 жылға 70 мың шаршы метр жерді жалға берді

10:47, 19 қыркүйек 2024 158

ҚР Үкіметі 49 жылға жерді жалға бермек, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы қаулыда айтылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын, – делінген қаулыда.

Келісім жобасына сәйкес Алматы қаласындағы Жамақаев көшесі, әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесі жалға беріледі. Жалдау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 49 жыл деп есептелінген. Бұл ретте жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін. Учаске ауданы – 70 593 шаршы метр.

"Жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына шектеусіз) 25 301 016 доллар және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлеммен төленеді", – делінген келісім жобасында.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?