Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Огай ағай кетті. "Қазақмысқа" күн туа ма?

08:50, 02 желтоқсан 2022 293
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметін 2006 жылдан бері үздіксіз атқарып келген Эдуард Огай орнынан кетті, деп хабарлайды Алаш сайтының тілшісі.


Ал жаңа төраға болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды. "Қазақмыс Холдинг" ЖШС директорлар кеңесі осындай шешім шығарған.




Нұрахмет Қанатұлы Anglia Ruskin University-дің іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.




Еңбек жолын 2011 жылы бастапты. Әр жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген. Сонымен қатар "Майкубен Вест" ЖШС және "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болған.




2019 жылдан 2020 жылға дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болды.




Ал "Қазақмыс" корпорациясына 2020 жылы келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар