Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сахнаны саясатқа неге ауыстырдыңыз?”: Тамара Асар сахнамен қоштаса ма? - Әнші жауап берді

13:08, 18 тамыз 2026

Халық әртісі, әнші, Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер Тамара Асар желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі саясатқа келуіне не себеп болғанын түсіндіріп, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеруді мақсат ететінін жеткізді.

«Саясатқа неге келдіңіз?» немесе «Сахнаны саясатқа неге ауыстырдыңыз?» Соңғы уақытта ең көп қойылатын сын-сұрақтар осы. «Басқа салса баспақшы» мені сахнаға да, саясатқа да өмір өзі әкелді. Менің өмірімде сахна да бар, өнер де бар, салт-дәстүр де, білім де, ғылым да,еңбек те бар.  Жеткен жеңістер де, жеңілістер де, қиын кезеңдер де болды», – деп жазды Тамара Асар.

Тамара Асар өз басынан өткен қиындықтарды еске алып, протез қолдану тәжірибесі оның инклюзия мен оңалту саласындағы мәселелерге тереңірек үңілуіне себеп болғанын айтты.

«ТӘНІМНІҢ ЖЕҢІСІ- жұлынған аяқтың, жаңқа сүйегінен қан сорғалап тұрса да, протезбен қайта жүру болды!  ЖАНЫМНЫҢ ЖЕҢІСІ-дәл солай тұрсам да,ән шырқап,өзгеге әнмен қуаныш сыйлау болды. “Инклюзия, оңалту, протездеу” деген ұғымдармен жақын өте жақын таныс болғандықтан, адамның денсаулығы, оның қалпына келуі, қоғамға қайта оралуы, білім алуы, еңбек етуі, өз әлеуетін жүзеге асыруы сияқты мәселелерді сырттай бақылауды доғарып, оған өзім сияқтылар үшін етене араласуды шештім»,- деді ол.

Өнер иесі өз тәжірибесі арқылы протезге мұқтаж жандардың қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы түсінетінін айтып, бұл бағыттағы мәселелерді жүйелі түрде көтеруге ниетті екенін жеткізді.

«Яғни өз басымнан өткен қиындықтар арқылы протездік жүйенің адам өміріне қаншалықты әсер ететінін білемін. Оны кеңінен ашқым келеді. Қазір мен үшін ең маңыздысы – адамдармен кездесіп, оларды тыңдау, мамандармен тілдесу, жүйені түсіну және сол тәжірибені нақты іске айналдыру.  Өйткені мен үшін саясат – мансап емес. Саясат – жауапкершілік.  Толық жауабымды сайлауалды берген сұхбаттарымда көруге болады…»,- деп жазды Тамара Асар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар