Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Білмейтін болып шықты": Абзал Құспан түркістандықтардың жаңа заң туралы бейхабар екенін айтты

17:24, 27 маусым 2024 694

Орта Азия елдерінің заңдарын қарап, Моңғолияның жекелеген салаларындағы заңдарын аудартып, танысып жатырмын. Әзербайжан сынды елдерге барған кезде олардағы заң шығару процесіне қызығушылық танытып жүрмін. Тіпті, Беларусь өкілдерімен кездескен кезде «сіздерде заң шығару процесі қанша уақыт алады?» деп сұрадым. Біздікіне қарағанда әлдеқайда көп уақыт алады екен, - дейді депутат Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, елімізде жылына 300-дің үстінде заң қабылданады. Бәрі бірдей жаңа заң емес, арасында өзгертулер мен толықтырулар бар.

Абзал Құспан қылмыстық заңнаманы өз жауапкершілігіне алған. Қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару деген үш кодекс бір заң жобасымен түскен. Құспан қазір сол жұмыс тобының жетекшісі.

Қарапайым мысал келтірсем, «Түркістан қаласының мәртебесі» туралы заң Мәжіліске түсер алдында түркістандықтармен кездесейік деп өзіміз бастама көтердік. Бәріміз Түркістан қаласына бардық. Жергілікті ақсақалдар, басқа да белсенді қоғам өкілдері бар. Талқыға салған кезде, ол кісілер білмейтін болып шықты. Былай қарасаңыз, Түркістан үшін заң жазылып жатыр, ал ондағы белсенді топ ондай заң жазылып жатқанынан хабардар емес, - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, жұрт әуелі депутаттар осылай істеп жатыр екен деп қатты ренжіген. Бірақ артынша кінәсі жоқ екенін, керісінше толықтырып жатқандарын түсініп, алғыстарын жаудырып, батасын берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар