Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бала туу соғыспен бірдей: Күміс алқа алған блогер мемлекетке ренішін білдірді

19:00, 04 маусым 2025 450

Блогер Әсия Тәңірбергенқызы “Күміс алқа” алғанын көрсетті, деп хабарлайды ALASH.KZ  Qazaq Todayақпарат порталына сілтеме жасап. 

“Орден кітапшасын алдым. Енді шешпей ұйықтаймын. Қандай артықшылығы барын айтыңыздар?! Тегін коньки тебіңдер демесе болды. Өзімді кәрі кемпір сезініп жатырмын. Соғыс ардагерлерінде осындай кітапша болатын. Бала туу соғысқа барып келгенмен бірдей. Оны еркектер түсінбейді. Ең болмаса мына орденнің жанына шайнек қоспаған. Соны күтіп едім. Бір түйір тәттісі жоқ. Шай ішіңіздер деп бір түйір берсе болады ғой”, – деп ренішін жасырмады блогер келіншек.

Желі қолданушылары орден табыстаған мекемені қызу талқыға салды.

“Шымкентте гүл мен орамал берген”, “Бізді акиматқа кіргізбей, сырттан үлестірді”, “Қанша теңге қосылады екен?!”, “Көрімдік 300 мың теңгеден асса салық төлейсіз”, “Әкімдіктен не күтуге болады?!”, “Жемқор жүйенің көрінісі”, “Біз сыртта күтіп тұрып, алып кеттік”, – деп жазды көпшілік.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар