«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сай сайлау 29 қазанға бекітілген. Естеріңізде болса, Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 30 тамызда басталған болатын.
«Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия» - округ орталығы болып табылады. Ал округтың аумағы Алматының едәуір бөлігін алып жатыр.
Мәселен, Райымбек даңғылынан басталып, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының батыс жағымен көтеріліп, Абай даңғылына дейін жетеді. Одан кейін Абай даңғылының солтүстігімен батысқа қарай бұрылып, Мұратбаев көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Ары қарай Мұратбаев көшесінің шығыс бөлігімен солтүстікке бұрылып күйші Құрманғазы көшесіне дейін жалғасады. Содан кейін, Құрманғазы көшесінің солтүстігімен бірден батысқа қарай тартып отырып Мұқанов көшесіне тіреледі. Округ шекарасы осы аумақпен шектелмейді. Мұқанов көшесінің шығысымен солтүстік бағытқа қарай Төле би көшесіне тіреліп тоқтайды. Одан ары Төле бидің оңтүстігімен шығысқа қарай құлдап Мұратбаев көшесіне жетеді... Осылай жүріп отырып, бұл округ әуелді Райымбек даңғылынан шығысқа қарай Назарбаев көшесімен аяқталады.
Қазақстан Республикасындағы биылғы сайлау процесінің ашықтығы бұрынғы сайлаулардан өзгерек болатыны туралы айтылуда. Сайлаудың ашықтығы, демократиялық талаптарды сақтауы талапқа сай болады. Бұл туралы сайлаушылар мен сайлауды бақылайтын қазақстандық сарапшылар айтып отыр.