Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әулетін ойлап рухани кеселге ұшырады. Елбасы ұшып келді”. Назарбаевқа жақын адам Сара Алпысқызының қазіргі жағдайы туралы айтты

18:36, 01 маусым 2025 7987

Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына сұхбат беріп, Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Сара апамыз тірі. Оны енді мынау біздің ақпарат көздері байқап жазу керек. Әрине, жасы үлкен - 85 жаста. Соңғы ондаған жыл ол кісі елдің көзінен таса болды. Әулеттік жағдайлар болды. Ауыр жағдайлар болды. Айсұлтан немересі қайтыс болы. Оның алдындағы Рахат пен Дариғаның оқиғасын қараңыз. Оның бәрі әйел адамға ауыр ғой. Бір кезде ұйып отырған керемет әулет. Бұл саяси астарын айтып, кім кінәлі, кім кінәсіз деген мәселе емес, ол - әйел адам бәріне жаны ашиды. Бәрін жақсы көреді.

Көмекшілерінен естігенмін. Қатты ауырды. Елбасы өзі ұшып келіп, қасында үш күн отырған. Дәрігерлер “қайтады” деп айтқан. Мұнда адамдар ауруына қарау керек. Сара апамыздікі - рухани ауру. Балаларының тағдырын уайымдап, болмай қалған әулетінің қиын тағдырын ойлап, содан рухани кеселге ұшырады”,- деді Бейбіт Сапаралы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар