Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара абыр-сабырға ұласты. Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Куәгерлердің алдын ала мәліметінше, «Толқын-1» шағынауданындағы «Abu Baby» балалар киім дүкенінің алдында жергілікті кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратып, ойын-сауық ұйымдастырған.
Алайда бұл бастама үлкен шу туғызып, дүкен маңында халық лық толып, нағыз дүрлікпе болды.
Өкінішке қарай, той-думан оқыс оқиғамен аяқталды – көпшіліктің ортасында бірнеше бала жоғалып кеткен. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, тәртіпті қадағалауда.
Қалалық әкімдік пен полиция департаменті әзірге жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.