Әлеуметтік желіде тараған видеода жүріп бара жатқан жүк пойызының вагонынан адамдар көмір ұрлап жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Видео түсіріп жатқан жігіттің сөзінше, көмір ұрлаған адамдар жастар көрінеді.
"Ей, жарқтықтар десейші" дейді.
Сөз мәнеріне қарағанда, қара отынды тапа тал түсте ұрлап жатқан жігіттердің тірлігін соншалық теріске балап отырған жоқ. Қайта дауысында жан ашу, түсіністікпен қарау байқалады.
Видеоның қай облыста, қай өңірде түсірілгені анық емес.