“Егер жақын арада бейбітшілік орнамаса, Иранды бұдан да ауыр трагедия күтеді”. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Ары қарай бұлай жалғаса алмайды. Не бейбітшілік орнайды, не Иран бұрынғы сегіз күн ішінде көргенінен де ауыр трагедия күтеді. Естеріңізде болсын, біз көздеген басқа да көптеген нысаналар бар. Бүгінгісі - олардың ішіндегі ең күрделісі әрі, мүмкін, ең қауіптісі болды. Бірақ егер бейбітшілік тез арада орнамаса, біз басқа нысаналарды да дәлдікпен, жылдамдықпен және жоғары шеберлікпен жоямыз. Олардың көпшілігін санаулы минут ішінде-ақ жойып жіберуге болады”,- деді Трамп.