Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтаулық түлектер салтанатты кештен, даңғазалықтан бас тартып, аутизмі бар балаларға көмектесті

13:24, 21 маусым 2025 248

Ақтаудағы IT бағытындағы мамандандырылған лицейдің 11-сынып түлектері мектеппен қоштасу шарасын тек мерекемен емес, үлкен әлеуметтік жауапкершілікпен атап өтті. Бұл туралы ALASH.KZ порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Liter.kz порталынаның жазуына қарағанда, биыл 97 түлек қымбат киім, банкет пен сән-салтанаттан саналы түрде бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. Барлық ақша аутизм спектрінің бұзылыстары мен басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсететін “Періште” орталығына аударылды.

 

Бұл шара “Сенің бес минутың – біреудің бүтін өмірі” деген ұранмен өтті. Бастаманы оқушылардың өздері көтеріп, ата-аналар мен ұстаздар толықтай қолдау білдірген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаражат балаларды қоғамға бейімдеуге және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Игі іске бастамашы болған түлектер өз әрекеттері елдегі басқа да мектеп бітірушілерді дарақылықтан бас тартып, шынайы жақсылық жасауға шабыттандырады деп үміттенеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар