Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал сериалдардың актері 50 жасқа толар шағында көз жұмды (ФОТО)

16:23, 27 тамыз 2025 214

Ресейлік театр және кино актері Алексей Аптовцев қайтыс болды. Әртіс бір аптадан кейін өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуі тиіс еді, деп жазады Alash.kz.

БАҚ мәліметінше, әртіс ұйқы безінің қатерлі ісігінен көз жұмған. Ауру осы көктемде асқынып, әртісті денсаулығын нашарлатып жіберді. 

Алексей Аптовцев 1975 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. Ол Щукин атындағы театр училищесін тәмамдап, 22 жыл бойы «ФЭСТ» драма және комедия театрында қызмет етті. Оның орындауындағы «Чума на оба ваши дома», «Человек и джентльмен», «Убийство Гонзаго», «Прикосновение», «Золушка», «Гамлет» және басқа да спектакльдер көрерменнің есінде қалды.

Телекөрермендер актерді «Кремль курсанттары», «Фрейд әдісі», «Склифосовский», «Господа полицейские», «Ар-намыс кодексі-6» және басқа да сериалдардағы рөлдері арқылы таниды. Аптовцевтің фильмографиясында отыздан астам жұмыс бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар