Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстан президентінің атасы ашаршылық жылдары қырғыздарды паналаған": Қазақ кісілігін көрсетіп, қырғыз көкпаршыларын өкпелетпеу керек еді - МӘДЕНИЕТТАНУШЫ

16:38, 21 қыркүйек 2024 1053

«Қазақ-қырғыз» бір туған. Иә, бұл сөз көпкетанымал. Бірақ тамырына үңіліп, тарихынатерең бойласақ, әр қазақ қырғыз халқынренжітпек түгілі, шаң жуытпас еді. Қазақ-қырғызды байланыстыратын тек қан, ұлттықрух қана емес, мәдениет, әдебиет, көпке рухсыйлайтын тағдыр тоғыстырған тарих...

Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары кезіндегікөкпаршылар арасында болған болмашыкикілжің екі елдің арасына сыза түсіруге шаққалды.

Осы орайда Alash.kz ұлттық порталы «қазақ-қырғыз бір туған» мәтелінің тарихына үңіліп, танымал мәдениеттанушы, «Салттар әлеміне саяхат», «Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін» кітаптарының авторы Бердалы Оспанментағылымды сұхбат жүргізді.

Әңгіме барысында кейіпкеріміз Бердалы Оспан қазақ-қырғыз халқының бір толқындаұштасқан тарихын баяндап - «Қырғыз-қазақ бір туған» деген сөзді көп жерде қолданамыз. Екі елдің көпір сөзі десек артық емес.


-Түркі тектес халықтар барлығы бауыр, біршаңырақтың баласы. Кейін еншілерін алып бөлекүй болып кетті. Қазақ пен қырғыз да жеке еншіалып кеткен елдердің бірі. Екі елдің жақындығынакелсек, қазақ қырғыз ұлтын бәрінен де жақынтұтқан. Бұл әлемдегі бізге ең жақын тұратын, қандас-туысымыз, әрине, қырғыздар. Манасты еңбірінші қағазға түсірген де қазақтың Шоқаны. Қазақтар «Манас» жырын бұрыннан білген, қырғызманасшылары сияқты қазақ ақындары да«Манасты» жырлады. «Жүз жасаған Жамбыл» «Манасты» он күн бойы жырлайалған.

Осы жырдың тағдыры әсіресе 20-шы ғасырда қатты қиын болды, совет билігі келіп, коммунистер қазақ-қырғыздың жырлары мен әдеби мұраларын «халықтық емес, феодолизмнің сарқыншағы» депжоқ қылуға тырысты. 1952 жылы 8-ші шілде күні Қырғызстанда өткен конференцияда «Манас» жырының тағдыры шешілетін болды. Түрлі ғалымдар мен шолақ белсенділер жырды жамандап,керек емес тұтты. Сонда осы ұлы жырды жоқ бопкетуден сақтаған, Шоқаннан бөлек тағы да бірқазақтың ұлы тұлғасы бар. Ол – Мұхтар Әуезов. Өзінің жеке басына қауіп төніп, жағдайы қиын болса да, жырдың жағдайын естіп, конференцияға барып, «Манас» қырғыз халқының байырғы көркем әдеби жыры, қырғыз халқының батырлар жыры» депараша түскен ұлы тұлға еді.

Әуезовтың сөзінен кейін, конференция өтіп жатқан жерде, алдыңғы қатарда отырған бір кісі терезенің алдына барып сыртта асыға күтіп тұрған қырғызхалқына «Құтқарылды» деп айқай салған! Бұны өз көзімен көріп айтып берген жазушы Шыңғыс Айтматов. Қазақта Бейсембей Кенжебайұлы деген үлкенғалым болған. Ол кісі Мәскеуде білім алған жылдары қырғыздың үлкен азаматы, қоғамқайраткері, Төреқұл Айтматовпен дос болған. Екідос оқуды бітіріп, қоштасар сәтте, «Бірімізден ұл, бірімізден қыз туса құда болайық, екеумізден де ұл туса

Есімін елімізді ел еткен «Шыңғыс хан» атынаескерткіш етіп, Шыңғыс қоялық деп уәделескен. Есімі солай берілген ұлы жазушыШыңғыс Айтматұлы ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтың «Манасқа» араша түскеніндей, жылөткен кездері Қазақстанның тағдырына ара түсті. Бүкіл қазаққа қауіп тудыратын экологиялық қауіптіСемей полигоны, Арал теңізі, Байқоңыр космодромы аймақтарының тағдырына араша түсіп1980 жылы «Боранды бекет» атты роман жазып, олшығармасы әлемге кең таралған болатын. Осылайша қырғыздың жазушысы Байқоңырдың жабылуына әсер етті.

Төреқұл Айтматұлы мен БейсембейКенжебайұлының достығының осындай дажақсылығы барын естен шығармау керек. Шыңғыс Айтматовтың еңбектерін үш тілде қырғыз, қазақ және орыс тілдерінде оқыдым. Әкесі Төреқұл ұлы Шыңғысқа қазақ халқы туралы көп жақсы нәрселерайтқан болу керек. Айтматов өз шығармаларында қазақ-қырғыз достығы туралы көп жырлады. Шыңғыс Айтматовтың жазушы болуына қазақ еліде әсер еткенін айту керек. Бала Шыңғыс Жамбыл қаласында ауыл-шаруашылық техникумында оқыған. Сондықтан болашақ ұлы жазушы екі бауырлас халықтың тәрбиесін бірдей алғанын біз айтпай кетуімізге болмайды.

Қырғыз елінің Аалы Тоқамбай есімді ақыны болған. Сол кісінің кітабы ең бірінші қазақ тіліндешыққан деп оқығанмын. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев «Әке туралы сөз» атты кітабында өзінің атасы ашаршылық жылдары қырғыздардың елінбарып паналағаны туралы жазған. Атақты КененӘзірбайұлы деген ақынымыз ашаршылық жылдарықырғыздарды барып паналаған. Сол жақта туған қызыына «Қырғызбала» деп есім берген. КененӘзірбайұлының қырғыз елінде көптеген достары болған.

- Қазақстан мен Қырғызстанның салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары, мәдениеті бір-біріне қатты ұқсай ма? Қандай өзгешелік бар?

Жалпы «Манас» бүкіл әлемге түркі халқын пашеткен жыр ғой. Әлемге танылған Үндістанның«Махабхарата» жырынан көлем жағынан екі жарымесе көп. Қазақта Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» көлемі жағынан көп, бірақ қазақтар сонда да «Манас» жырын басынакөтереді.

Мұхтар Әуезұлы «Қырғыздың батырлық жырыМанас» деген зерттеу жазды. Әлкей Марғұлан болса «Шоқан және Манас» атты еңбек жазды.Рахманқұл Бердібай академик «Манас және қазақ эпикалық дәстүрі» деген зерттеу жазған. Әбсаттар Дербісалин «Шоқан Манас туралы» зерттеуінжазған. Нариман Мұхамедханұлы деген ғалым «Мұхтар Әуезов және Манас эпосы» туралы еңбек жазды. Ұлы ғалым, академик Қаныш Сәтбайұлы да «Манасты» жоғары бағалаған. Жалпы қазақ халқы «Манасты» ұлық етеді.

Қырғыздарды қазақтар өздерінің ең туған бауырыдеп қатты жақсы көреді. Мұхтар Әуезовтың «Қилы Заман» романындағы «Албан» көтерілісінде қазақтарға өзбек, қырғыз бауырларымыздыңкөмектескені жазылады. Жазушының ұлы Мұрат Мұхтарұлы Әуез романның жазылуына осы 1916 жылғы көтеріліс түркітектес халықтарының патшалық Ресейге бірге шыққан ең соңғы көтерілісі деп баға береді.

Екі бауырлас халықтың өнерде де өте жақын. Мысалы, «Қараш-қараш» оқиғасына кинонықырғыз бауырларымыз түсірді. Басты рөлдегі Бақтығұлды сомдаған Сүйменқұлды қазақтар қырғыз әртісі деп бөлмейді де. Басқа да біздің әртістер қырғыз фильмінде ойнады. АсанәліӘшімұлы, Досхан Жолжақсынов, КененбайҚожабеков сынды әртістер ойнады. «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері» деген кино бар. Бұл фильмде деСүйменқұл ойнайды. Фильм кейіпкері айтады: «Итжеккеннен келе жатқанымда қазақтың даласымен өттім. Қазақтан Біржан Салдың «Теміртас» деген әнін үйреніп едім» дейді. Осы«Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері» киносында«Теміртас» әні түгелімен шырқалады. Киноның кейіпкері домбырада ойнайды.

Менің «Салттар әлеміне саяхат» атты, 15 жылжазған «ЕсімдерСақтардан қазақтарға дейін» кітаптарым бар. Осы кітаптарымды жазу барысында мен, Шыңғыс Айтматовтың барлық шығармаларын қырғыз тілінде оқыдым. Солардың ішіндегі қырғыз есімдерінің барлығы бізде де бар. Қай әңгімесін, романын алып қарасақ та, бәрі де қазақтың есімдері. Айта кетейін, «Жәмилә» дегеншығармасында Жәмилә Даниярға ғашық болып, ауылынан кетеді. Қайда дейсіз ғой? Қазақстанға кетеді.

Осындай қимастық сезім қазақтың жүрегінде бар. Мен өзім Қырғызстанда конференцияда болдым. Шыны керек, олар қазақ десе жақын тартып тұрады. Қырғыз десеқазақтардың да жаны шүберекке түйіледі. Қалай түйілмесін? 1986 жылы болған «Желтоқсан» төңкерісі кезінде қырғыз ағайындар бізге келіпкөмектеспекші болыпты, бірақ оларды шекараданөткізбепті деп естідім.

Алматы алаңына шыққан жастарды қоршап тұрғандардың совет жауынгерлерінің арасындаболған қырғыз жігітіне алғысхат берілген. Ол жігіталғысхатты кері үкіметке қайтарып жіберген. Мен бұндай алғысхатты алмаймын дегені ғой.

Қазақ-қырғыз бір-бірін бөлмейді. Қырғыздыңғылым және ағартушылық министрлігі «Манас»жөнінде хрестоматия кітабын шығарды. Алғашқыбетінде Шоқан Уәлиханов пен Әуезовтың атытұр. Бұл кітап 50 ғана дана болып шықты. Барлық әлемге – 50 дана боп шыққан кітаптың біреуінқырғыз бауырлар маған сыйлады.

Қырғыз бауырлар Мұхтар Әуезұлының «Көксерегін» де кино етіп түсірген. Режиссер қырғыз Толомұш Өкей, бастырөлдерде қырғыз Сүйменқұл Чоқмор, қазақ Нұржұман Ықтымбай, музыкасына дирижерлікеткен Нұрғиса Тілендіұлы.

Кинорежиссеріміз Мәжит Бегалин түсірген «Ел басына күн туса» шетелше аты (За Нами Москва)филмінде басты рөл Бауыржан Момышұлыны қырғыз артисі ойнаған. Айтпақшы, «Қыз Жібек»филмін ең алдымен қырғыздар түсірмек болған.

Дүниежүзідік көшпенділер ойындарындағы көкпар тартысынан кейін қырғыз халқы бізге қатты ренжіп қалды. Әділетсіздік орын алды деп өкпелерін білдірді. Бұл екі бауырлас елдің ынтымағына сыза түсіре ме?

-Біз неге қырғыздарды жек көруіміз керек? Болмашы нәрсеге өкпелеуге болмайды. Қырғыздың Замирбек Ососров деген бірақыны бар, ол Бішкекке Кенесары ханныңескерткішін қою керек деп ұсыныс жасады. Қазақ пен қырғыз ешқашан бөлінбеген. Қазақтың «Анатуралы жыр», «Ақ бантик» тағы басқа әндерін қырғыздар айтса, қырғыздың «Жаңбыр төкті» әнінқазақтар сүйіп айтады. Олардың «Қызыл өрігінсіз» қазақтың тойы өтпейді. Жалпы қазақ пен қырғыз бір ұлт. Оны бөліп жаруға болмайды, ал егер бөліпжарайын десеңіз, өйткені, бөлетін нәрсе таппайсыз. Мәдениеттанушы ретінде 1000 пайыз айта аламын, «қазақ пен қырғызды» бөліп алу мүмкін емес!

Сезімге беріліп кеткен көкпаршылардың әрекеті қазір талқыланып жатыр.

Ойында ондай-ондай болады. Соған бола, қырғыз бен қазақ айырылысып кетпеу керек. Қазақ тарихында, көркем әдебиетінде «қазақ-ноғай айырылған» деген бір кезең бар. Ендісоған барудың қажеті жоқ қой. КСРО тараған кездеЫстықкөлдегі Мқхтар Әуезовтың мұражайын қырғыздар сақтап қалды. Ақшалары жоқ болса да, сақтады. Біз оларға неге осы үшін алғыс айтпаймыз?

МұхтарӘуезұлы «Манасты» тек қағаз бетінде ғана зерттеген жоқ, манасшылармен кездесіп олардың жыр орындауын тыңдаған. Осындай сапарларындаөзінің ұлы Мұратты да қасына ертіп жүрген. Мұрат аға өзі бір естелік әңгімесін айтып берген еді. Манасшының үйіне барып жырды тыңдап отырған кезінде, қырғызша тілді түсінген едім. Әкеме мен «Қырғыз тілін түсініп отырмын» дегенімде, олқасында отырған манасшыларға қуанып айтқан еді.

Пендешілік болады, өкпе деген болады. Қырғыз бауырлар мойнына таққан алқаны алмай қойды деп жатырмыз. Видеоданкөрдім, бірнешеуі ғана сүйткен. Кетісетін болса, кетісер еді. Қырғыздар кімге еркелейді? Туысқандарына еркелейді ғой. Ағылшын, француздарға емес, назын білдіріп жатыр ғой. Барлығымен шапсақ та, қырғыздармен көкпар шабыспай-ақ қояайықшы. Біз оларға аға да, іні де емеспіз. Біз оларға ағайынбыз. Биік болайықшы. Үйтті, бүйтті дегенді айтпайық. Біздіңкөкпаршылар алқаны соларға бере салу керек еді. Ең бастысы қазақ пен қырғыздың рухы көтерілер еді. Қамшы тиіп кетті екен деп, айырылсып кетугеболмайды. Жүгіріп барып құшақтасу керек еді.

Алтын бірде бұйырады, бірде жоқ. Достық алтыннан да қымбат дүние.

Келесі дүниежүзілік көшпенділер ойындарындабұл жағдай ескеріле ме екен?

-Алдағы уақытта екі ел достығына сызат түсуі мүмкін бе? Өмір болған соң түрлі жағдайлар болыптұрады. Жалғыздықтан қорқу керек. Біздіңшенділер, көкпаршылар барып татулассын. Болмашы нәрсе үшін, бүкіл әлемге ұятты болмаукерек. Алдымызда әлі мыңжылдықтар бар. Түрлі-түсті қиындықтар бар. Қырғыз, өзбек, әзірбайжан халқына көмектесуіміз керек. Түркітілдестердің барлығы бауырларымыз. «Менің екі асылым бар. Бірі - туған елім, бірі – Мұхтар Әуезов» деп айтқан Шыңғыс Айтматовтың аруағы риза болсыншы. Жүз жасаған Жамбылдың, қызына «Қырғызбала» деп есім берген КененӘзірбайұлының аруағы риза болсын. Біздің елімізгекелін болып келген қырғыздың қыздары, қырғызға барған қазақтың қыздары риза болсыншы. Бұндай жағдай ендіқайталанбасын.

Қазақта «қырғыз» деген ру бар. Бұл да жақындықты білдіреді.

Қазақтың ең үлкен ұғымының бірі «Кісілік». Қырғыздар өкпелеп кетіп бара жатқан кездеқазақтар «кісілік» көрсету керек еді. Шенеуніктеросыны қолға алу керек еді. Бұл енді менің пікірім.

Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Інжу Өмірзақ, «Alash.kz» ұлттық порталының тілшісі

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар