Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Облыс әкімінің сыйлығы: Әлихантанушы Тұңғышбай Мұқан «Алтын жол» номинациясының жеңімпазы атанды

22:01, 30 қыркүйек 2024 97

Бүгін Қарағанды облысында мәдениет пен өнердің үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығы табысталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Кеншілер мәдениет сарайында өткен марапаттау рәсімінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, әлихантанушы, өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан «Алтын жол» номинациясының жеңімпазы атанды.

- Мәдениет және өнер саласының құрметті өкілдері, бүгін біз сіздерге құрмет пен ілтипатымызды білдіру үшін арнайы жиналдық. Бүгінгі таңда біздің мәдениет қайраткерлерінің туындылары Қарағанды облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның игілігіне айналды. Сізге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін! - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өз құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, байқауға биыл 85 үміткер өтінім беріп, олардың арасынан 26 жеңімпаз анықталды. Лауреаттарға сыйлықтар, дипломдар мен естелік мүсіншелер табыс етілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?