Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық табиғи парктердің ұпайы тазалықта

18:25, 30 қыркүйек 2024 363

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 4 туристік бағыт жыл бойы туристерге қызмет көрсетеді. Олар: Шарын ерен тоғайы, Шарын шатқалы - Қамалдар аңғары, Бейіттер мен қорғандар, Темірлік - Кіші шатқал бағыттары. 

Ұлттық парк аумағына 2024 жыл басынан бастап, бүгінгі күнге дейін 106352 турист келді. Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында  барлық туристік бағыттар абаттандырылған. «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытында «Sharyn» визит орталығы туристерге қызмет көрсетуде.

Туристік бағыттардың тазалығын сақтау мақсатында жыл басынан 24 экологиялық акция өткізіліп, қатысушылар саны – 5037 адамды құрады. Жыл бойы  парк қызметкерлері туристік бағыттарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақ жылына 20 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Аумақтың тазалығын сақтау мақсатында 6 қызметкер күнделікті тазалық жұмыстарымен айналысып, бағыттың санитарлық жағдайына бақылау жүргізуде.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайына бақылау  жүргізу мақсатында «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытында 26.09.2024 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шара жүргізілді.

Рейдтік іс-шара барысында профилактикалық жұмыстар атқарылды. Парк қызметкерлері үнемі келуші туристер мен жергілікті халық арасында экологиялық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында,  түрлі табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар өткізеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар