Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Елбасы өзі телефон соқты”. Назарбаев әулетіне жақын адам ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

14:30, 22 шілде 2025 1226

Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына сұхбат беріп, экс-президентпен телефон арқылы не туралы сөйлескенін айтты, жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Елбасы қыркүйек айында маған өзі телефон соқты. Ондаған жылдардан кейін бірінші рет хабарласты. Көмекшілері: “Сізге телефон соғады”, – деп алдын ала айтты. Жарты сағаттай сөйлестік. “Қал қалай, жақсы ма? Біз енді жүріп жатырмыз ғой. Қазақ мемлекеті, Қазақ елі деп 30 жыл бойы қаншама уақыт қызмет етіп келе жатырмыз ғой” деп мені де қосты. 1995 жылдан бері қызметте жоқпын. Бірақ соған қарамастан бәрібір қызмет етіп келе жатырмыз ғой деп мені қосты. Ол кісіге мен көп пікірлер жазатынмын. Сындар айтатынмын. Тікелей өз атына жазып жіберетінмін. Кейін екі томдық кітаптарым да шықты.

Сонда ол кісі: “Біз Қазақ мемлекеті деп жүрміз ғой. Көп сын айтылып жатыр.  Басқа да пікірлер айтылып жатыр. Олардың барлығын көтереміз. Жөндісі бар, жөнсізі бар…” деп маған телефон арқылы ашылып айтты. Сосын: “Жақында кездесейік, әңгімелесейік” деді. Мен: “Жақсы, сіз өзіңіз қалай айтсаңыз” дедім. “Астанаға келе аласың ба?” деді. Мен: “Қазір Астанада жұмысым жоқ, мүмкін біраз уақыттан кейін барсам, айтармын” дедім.

Ол кезде Алматыда қызымызға құда түсіп жатқан. “Бір-екі күнде құдалар келіп қалады. Бір аптадан кейін Астанаға келе алсам сізге хабарласайын” дедім. Кейін көмекшілеріне хабарласып едім. “Ол кісі шетелде” жүр деді. Артынша Болат Назарбаевтың халі мүшкіл екенін, кейін қайтыс болғанын естідім”,- деді Бейбіт Сапаралы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар