Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Елден қашпақ болған”. Ұлтараздық тудырған Алика Мухамадиева 2 айға қамауға алынды

16:48, 22 шілде 2025 1280

Әлеуметтік желіде ұлтараздық алауыздық тудырып, қазақтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған Қарағанды тұрғыны Алика Мухамадиева 2 айға қамауға алынды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерді бақылау барысында әлеуметтік желі қолданушысы тарапынан ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі анықталды.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында Қарағанды қаласының 22 жастағы тұрғыны «Theads» әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялағаны анықталды. Тергеу органдарына күдіктінің елден кету ниеті белгілі болғандықтан, оған қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстау түрінде санкциялау туралы өтінішхат берілді.

2025 жылғы 22 шілдеде Қарағанды қаласының тергеу соты аталған өтінішті қанағаттандырып, тергеу мерзімі ішінде екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады”,- делінген ресми хабарламада.


Естеріңізге сала кетейік, Алика Мухамедиева өзінің Threads парақшасында жариялаған жазбада «Қазақстан немен танымал?» деген сауалға «мамбетами» деп жауап беріп, қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді «полукалбитский диалог» деп келемеждеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар