Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дайынбыз”. Ердоған Путиннің Украинамен Ыстамбұлда келіссөз жүргізу туралы ұсынысын қабыл алды

17:43, 11 мамыр 2025 1012

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Түркияның Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді Ыстамбұлда өткізуге дайын екенін жеткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Түркия мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастар, өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланды. Президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді Ыстамбұлда қайта бастау жөніндегі мәлімдемесін құптап, Түркияның бұл келіссөздерді қабылдауға дайын екенін білдірді. Бұл келіссөздер қақтығысты тұрақты шешуге алып келуі тиіс», - деп хабарлады Түркия басшысының әкімшілігі.

«Бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндіктер терезесі ашылды, жан-жақты атысты тоқтату толыққанды бейбіт келіссөздер үшін жағдай жасай алады», - деді Түркия президенті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің Киев билігіне 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шарттарсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынғанын жазған болатынбыз. Өз кезегінде Владимир Зеленский бұл ұсынысты қабыл алып, келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар