АҚШ президенті Украинаға «Patriot» зымыран жүйесін беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Дональд Трамп 13 шілдеде Мэриленд штатындағы Эндрюс әскери базасында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Бұл біз үшін бизнес болады. Біз оларға (украиндарға – ред.) «Patriot» зымыран жүйелерін жібереміз, оларға бұл шынымен қажет”, - деді Дональд Трамп.
Өз сөзінде АҚШ басшысы «Patriot» зымыран жүйелерін жеткізу шығынын Еуропалық одақ көтеретінін айтты.