Блогер Елдос Кәдірханов жеке басына қатысты бас-аяғы жоқ қауесет таратқан азаматшаға ашулы екенін жеткізді. Сонымен қатар әлеуметтік желі парақшасында арнаулы видео жазып, ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Жұбата алмай отырмын. Біздің емге қатысы жоқ адам біз туралы не басы не аяғы жоқ әңгіме айтып, халық оны түсінбей, әркім өз түсінгені бойынша таратып келіншегімді жылатып отыр. Кім жауап береді? Не қателік кетті? Ең жаманы – кеше ғана мақтап отырған клиникаға өкпе реніш айту. Біз ел қатарлы пациентпіз! Ақшасын төлеп қызметін алдық. Жарнама жасауға, мақтауға, насихаттауға келіспедік. Тек біз сияқты бала сүйгісі келіп қиналып жүрген жандар осындай күшті жер бар екенін білсінші деп едік, енді өзіміз күйіп отырмыз... Ұят ай! Енді не істейін? Медициналық этика қайда? Бастаған соң бас аяғын толық айту қайда? Бірден түсініп "ааа бәсе” дей салатындай елдің бәрі дәрігер емес қой», – деп жазды Елдос «Колобок».