Бетті тұмшалауға тыйым салатын заңға қатысты мүфтият не дейді? Яғни діни басқарма никабқа тыйым салуды қолдап, талапқа бағынуды сұрайды, деп жазады Alash.KZ.
ҚМДБ бетті жабатын киім киюге тыйым салу ислам қағидаттарына қайшы келмейтінін жеткізді.
«Құран аяттары мен хадисте баяндалғандай әйел кісілер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмеген. Бұл халқымыздың дәстүрінде де көрініс таппаған», - делінген мүфтият хабарламасында.