Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"443 көшеге - 11,3 млрд теңге": шымкенттіктер көшені ақшамен тазалай ма?

21 маусым 2024 132

2023 жылы Шымкент қаласында 3 443 көшелердің санитарлық тазалығын сақтауға 5 млрд теңге қарастырылған. 

Ал мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша 443 көшеге - 11,3 млрд. бөлінген, яғни бір көшеге - 25,5 млн бөлінген, деп жазады Alash.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеп. 

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестірудің әлсіздігі мен жобаларға сараптама мен бақылау жүргізу жүйесіздігіне байланысты мемлекеттік сатып алуды айналып, 1 трлн теңгеге міндеттемелер қабылданды. Ал бұл 50%-дан астам  Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттарына сәйкес келмейтін жобалар, яғни олар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінсіз, жеке серіктестермен жоғары бағамен келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді.

"Мысалы 2023 жылы Шымкент қаласында 3 443 көшенің санитарлық тазалығын сақтауға 5 млрд теңге қарастырылған, сонда 1 көшеге орта есеппен 1,5 млн теңге.  Ал мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша 443 көшеге - 11,3 млрд. бөлінген. Бұл 1 көшеге - 25,5 млн. теңгеге міндеттемелер қабылданды", — деді деді сенатор Бекболат Орынбеков.

Осылайша, көрсетілген әріптестік бюджетке салмақ артқаннан оның принциптерін түбегейлі қайта талап етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?