Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды

17:42, 30 маусым 2024 867

Белгілі театр және кинорежиссері,кинодраматург Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Alash.kz.Бұл туралы Серік Абас-шах әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Абас-Шахтың жазбасына сілтеме берген Massaget.kz тілшісінің жазуынша, Секеңнің досының жағдайы тәуір көрінеді.

"21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым.

Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. "Мынаны тауып алып оқышы, Секе" деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта).
Шәй іштік (шәйді 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді)", деп жазды Серік Абас-шах.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар