Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“3, 5, 7 жаста”: Жамбыл облысында бір үйдің үш бірдей баласы газдан уланып көз жұмды

18:41, 20 сәуір 2025 405

Жамбыл облысы, Меркі ауданында бір үйдің үш баласы газдан уланып көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, Меркі ауданында 3, 5 және 7 жастағы қыздарын жалдамалы пәтерде тастап кеткен анасы үйге оралған кезде газ иісін сезіп, балаларын дереу ауруханаға жеткізуге тырысқан. Өкінішке қарай, бүлдіршіндерді аман алып қалу мүмкін болмады. Балалар жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды.

 "Отбасы тұрақты түрде әлеуметтік көмек алған. АӘК, бірреттік жәрдемақы, алимент және мектеп формасына қаражат бөлінген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар