Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзінің 21 жастағы күйеу баласынан жүкті болған ене: Күллі жұртты дүр сілкіндірген жағдай болды

16:58, 20 сәуір 2025 1823

Түркияда күллі жұртты дүр сілкіндірген жағдай болды. 21 жастағы Жұма Доға есімді жігіт сөз байласқан қалыңдығының анасы Есра Еролмен көңіл жарастырған. Бұл туралы Democrat.kz жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Көңіл жарастырып қана қоймай, 47 жастағы Есра мен Жұманың жақында сәбиі болады деп күтілуде. Яғни хиджабтағы ененің аяғы ауыр.

Болашақ күйеуі мен шешесінің арасындағы арсыз байланысты қалыңдық Ділек байқап қойып, Түркиядағы шулы бағдарламаға арнайы хабарласып айтады.

“Қос ғашық” бәрін тастап қашпақ болып жоспарлағандарын әлгі бағдарламаға келгенде ашық айтады. 21 жасар жігіт пен 47 жастағы әйелдің алға тартқан бас сылтауы – “бір бірімізді сүйеміз” болды.

Өкінішке қарай, Түркия заңы мұндай сүйіспеншілікке, махаббатқа түсіністікпен қарай қоймады. Қос ғашықты студияда отырған жерінен полиция тұтқындап алып кетті.

Өзгелерге арсыздық үлгісін көрсететін бұл “ғашықтық байланысты” заң аясында қарастырып, бұл тірлікке сот нүкте қоймақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар