Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Хабардың» басшысы жақында жабылған ток-шоуға қатысты пікір білдірді

28 наурыз 2024 131

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаев қоғамның қатал сынына ұшырап, жабылып қалған «Бірақ» ток-шоуын жүргізген журналистерді енді эфирге шығару арнаның жоспарында жоқ екенін айтты.

Оның сөзінше, басты кейіпкердің бұрынғы күйеуін эфирге шығару туралы келісім «Хабар» агенттігімен серіктесіп жұмыс істейтін продакшн компания арасында ауызша жасалған.

«Бұл оқиға - «Хабар» агенттігінің серіктесі болып келетін продакшн компанияның тарапынан болған олқылық. Олар берген ұсыныста басты кейіпкердің жолдасы эфирге келетіні туралы жазылмаған. Кейін продюсерлерімен ауызша келісілді деп айтылды. Біз болған оқиғаға байланысты кейіпкерден кешірім сұрадық, ток-шоуға қатысты тиісті шараларды қабылдадық. Сценарийді қабылдаған бас продюсер қызметінен кетті. Ток-шоуды жүргізген журналистерді қайта эфирге шығару жоспарда жоқ», - деді Ойшыбаев Комитет отырысында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?