Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттің «ең адал полицейі» пара алды деген күдікпен ұсталды

26 наурыз 2024 90

Шымкенттегі "ең адал полицей" атанған Азамат Айымбетов қамауға алынды.

«Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Айымбетов Азамат Ибрайымұлына қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады сейсенбі күні Шымкент қалалық соты.

Айымбетовтің Шымкентте бопсалау және пара алу күдігімен ұсталғаны хабарланған.

«Мен ішкі істер органдарында 10 жылға жуық жұмыс істеп келемін, ешқашан адалдықтан аттаған емеспін», - деді Айымбетов.

2022 жылы Айымбетов бастығы полковник Мұхтар Бұхарбаевқа қымбат заттар сатып алуға мәжбүрлегені үшін арыз жазған.

Айымбетовтың адвокаты оны «ең адал полицей» деп санайтынын және ол жемқорлыққа қарсы қызметтің марапатына да ие болғанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?