Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Совет одағының туын көтерген адамға қарсы шыққан белсендіні соттауы мүмкін

10 мамыр 2024 569
Алматыда 9 мамырда Совет одағының туын көтерген топпен шекісіп қалған белсенді Жанболат Шәйзада ұсталды. Оның үстінен “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалған. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді.

Белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол балағат сөз айтқаным рас, бірақ ешқандай тәртіп бұзбадым дейді.

“[9 мамырда] Кешкісін маған Алатау ауданының полиция басқармасынан хабарласып, Алматы аренаның жанындағы полиция бөлімшесіне барып түсініктеме жаз деді. Сағат он кезінде түсініктеме жаздым. Мені сол жерде жібермей, түнімен ұстады. Таңнан бері онлайн сот болады деп күтіп отырмыз” деді белсенді Азаттыққа.

9 мамырда әлеуметтік желіде ер адамның Алматы көшесінде көлікке ілінген Совет одағының туын алып, көліктегі адамдармен сөзге келіп қалғаны бейнеленген видео тараған.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?