Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау: Жайық өзені сағат сайын көтерілуде

28 сәуір 2024 111
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің дерегі бойынша Атырауда Жайық өзенінің бойы біршама көтерілген.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне +8 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см-ге жеткен.

Жайық өзені – Атырау қаласы гидробекетіндегі су деңгейі 434 см, тәулігіне +3 см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?